Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр елінде республикалық семинар өтеді

31.07.2024, 17:00 433

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте ауылды дамыту тәжірибелеріне арналған республикалық семинар-кеңесті ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Аймақ басшысы тамыз айының 15-16 күндері өңірге Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бастаған делегация келетінін хабарлады. Аймақта ведомство басшыларының, облыс әкімдері орынбасарларының, шаруа қожалықтары төрағаларының қатысуымен арнайы семинар-кеңес ұйымдастырылмақ.

«Семинар-кеңесте ауылды дамытудың озық тәжірибелері ортаға салынады. Бұдан бөлек, делегация өкілдері Қызылорда қаласындағы жаңадан салынған нысандарды, ауыл шаруашылығына қатысты өндіріс орындарын аралайды. Дүр Оңғар, «Таң», «Бесарық» ауылдарындағы жобалармен танысады. Нағи Ілиясов ауылында арнайы семинар-кеңес өтеді», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Мәжілісте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына делегацияның жұмыс сапарын ұйымдастырып, семинарды жоғары деңгейде өткізу тапсырылды.

Мұнан бөлек, жиында егін жинау маусымына дайындық талқыланып, өнімді уақытылы әрі ысырапсыз жинап алу жайы пысықталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: