Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сыр бойының» сыйлығы – журналистердің ортақ жеңісі

22.09.2023, 21:45 647

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс журналистерін ортақ жеңісімен құттықтады.

«Астанадан ақжолтай жаңалық жетті. Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен дәстүрлі «URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Жеңімпаздар қатарында біздің тарихы терең, тағылымы кенен – «Сыр бойы» газеті де бар.

Биыл «Үркерге» 450 өтінім келіп түсті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Байқау бағдары бойынша үміткерлер 13 номинацияны сарапқа салды. Қазылар алқасы жүзден жүйрік шыққан шын жеңімпазды анықтады. «Үздік өңірлік БАҚ» номинациясын «Сыр бойы» газеті жеңіп алып, Қызылорда облысының 85 жылдық мерейтойына аймақтың ата басылымы тамаша тарту жасады өз биігін байқатты. Заңғар жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Газеттің ісі – бір күндік, сөзі – мың күндік» дегеніндей, сөзі сұңғыла, жанрлық ерекшелігі әрқилы, безендірудің көркемдік деңгейі жоғары басылымның оқырманға берері көп. Келесі жылы «Сыр бойы» газеті өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл сыйлық мерейтой алдындағы мүмкіндіктің мезіреті. Ал, бүгінгі жеңіс – «Сыр бойы» газеті ұжымының қажырлы еңбегінің жемісі және Сыр өңіріндегі барлық баспасөз өкілдерінің ортақ қуанышы.

Құтты болсын, қаламгер-журналистер!» деді аймақ басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: