Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сұлтанов қызметінен босатылды

15.08.2022, 17:40 524

HALYQLINE.KZ

Бақыт Сұлтанов премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі қызметінен босатылды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды», – деп жазды Ақорда.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып Серік Жұманғарин тағайындалды. Ол бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

Бақыт Сұлтанов 2019 жылдың шілде айынан бастап сауда және интеграция министрі қызметін атқарды. 2022 жылғы қаңтарда ҚР премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі болып тағайындалған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: