Спорт күніне орай қала әкімінің орынбарасы Дархан Тұрсынбаев сала ардагерлері мен мамандарды және бірқатар спортшыларды қабылдап, сый-құрмет көрсетті.
Кездесуде Дархан Есалыұлы «Бүгінде спортшыларымыз белсенділігімен және жоғары жетістіктерімен еліміздің абыройын асқақтатуда. Осының барлығы Мемлекет Басшысының қолдауы, жерлестеріміздің тынымсыз еңбегі» дей келе, денсаулық, күш-жігер, шыдамдылық пен сергектік мерекесімен құттықтап, жаттықтырушылар мен спортшыларды қала әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!