Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Спектакль жалғаса береді

18.01.2021, 13:00 571

HALYQLINE.KZ Әлеуметтік желілерде «Бала құқығы» туралы заңға қиналып жатқандар көп. Меніңше, ол заң қабылданбайды.

Әуелі ажиотаж жасалып, содан соң, жұрт шуылдайды. Бір «елбасышыл» депутат күңіреніп отырып, ол заңға наразылық білдіреді.

Жаңа батырға бүкіл ел риза болады. Содан соң, елбасы да халықтың айтқанымен келісіп, ол заңға қол қойылмайды. Елбасы: «Европадан бөлек, Қазақстанның өзіндік демократиясы бар екенін» тағы қайталауы мүмкін.

Ел қуаныштан бөркін аспанға атады. Зиялылар он күн бойы әлгі депутат пен елбасыға рақметін жаудырады. Біраз ақын елі үшін туған елбасыға жаңа өлеңдерін арнайды. Кей пысықтар әлгі депутаттың «нұрқұл» дегендерге, «тектілердің тектісі» екенін айта кетеді.

Зиялы қауымның біразы «ұлтшыл», «елі үшін туған ер», «ұлттың ұяты» деп баспасөзде мақалалар жазады. Ең бастысы көпшілік елбасы және ұрлық дауыспен сайланған депутаттарға көңілі тола бастайды. Спектакль жалғаса береді. Халық риза! Жаса, Қазақстан!

Алланазар Жайлыұлының фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: