Denník N газетінің жазуынша, үкімет отырысынан шыққан Роберт Фицоға оқ атқан. Басылым тілшісі қастандық болған жерге жақын маңда жүрген. Ол шабуылдың қалай болғанын көрмеген, бірақ атылған оқтың дауысын естігенін айтты. Кейін ол күзетшілердің премьер-министрді жерден көтеріп, көлікке салып, алып кеткенін көрген. Куәгерлер оған Фицоның шабуылдан бұрын өзімен амандасқан адамдарға қарай жақындағанын айтты. Полиция күдіктіні ұстады. БАҚ-тың жазуынша, премьер-министрдің халі ауыр.
Дереккөз (Фото): Azattyq
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!