Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиелінің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артқан

08.09.2022, 16:30 450

HALYQLINE.KZ Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы оң деңгейде қалыптасуда. Айталық, биыл аудан бюджеті 108,8 пайызға орындалып, кіріс көлемі артқан. Сондай-ақ, Шиеліде жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында жыл соңына дейін 3623 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Қазіргі таңда 2175 жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы ауданда 85 мыңнан астам халық болса, бүгінде оның 34 мыңнан астамы тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов хабарлады.

– Жыл басынан бері ауданның барлық макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсу тенденциясы қалыптасып отыр. Мәселен, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі – 108,6 пайызға, ал өңдеу өнеркәсібі – 107,2 пайызға, ауыл шаруашылығы саласының өнімі – 1,7 пайызға, сауда айналымы – 3,9 пайызға, инвестиция тарту – 13,2 пайызға артты. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 5 564 бірлікті құрап, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандары өткен жылмен салыстырғанда 102,6 пайызға өсті. Сонымен қатар, биыл ауданға 25 млрд теңгеге жуық инвестиция тарту межеленуде. Сәйкесінше соңғы 7 айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 8 млрд 547 млн теңгені құрап, есепті кезеңмен салыстырғанда 114,2 пайызға көбейді. Аудан бойынша 33 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл жобалар толықтай іске қосылса 501 жаңа жұмыс орны ашылады. Шиелі ауданында құрылыс саласы да айтарлықтай дамуда. Осы жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Шиелі кентінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Сондай-ақ, ауданға қарасты елді мекендердегі бірқатар мектептерде бу қазандықтарын қайта жабдықтау және газ желілеріне құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аудан тұрғындарын тұрғын үймен қамту мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен 18 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, – деді аудан әкімі Нұржан Ахатов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: