15 қыркүйекте Шиелі ауданы әкімінің сайлауы өткізіледі. Сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға арналған Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 23 тамыз күні сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу аяқталды. Кандидаттар үшін үгіт кезеңі 23 тамыз сағат 18.01-ден 14 қыркүйек сағат 00.00-де аяқталады. 14 қыркүйек – тыныштық күні, 15 қыркүйек – дауыс беру күні.
Аудан әкімі болуға үмітті 3 кандидат тіркелді. Оның 2-і өзін-өзі ұсыну, 1-і саяси партия атынан ұсынылды.
Қазір кандидаттар үгіт шараларын жүргізуде. Ол үшін сайлаушылармен кездесу орындары және үгіттік баспа материалдарын ілетін орындар белгіленді.
Ауданда барлығы 40 сайлау учаскесі бар. Мұнда 272 учаскелік сайлау комиссиясы қызмет атқаруға дайын. Барлық учаскелер талапқа сай жабдықталып, дауыс беру құпиялылығы сақталады.
Аудан бойынша 50 мыңнан аса сайлаушы тізімге енген.
Тұрғындар үшін www.saylau.orda.gov.kz арнайы платформасы іске қосылды. Мұнда әрбір сайлаушы өзінің ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін таба алады. Сондай-ақ, гугл карта арқылы учаскеге баратын жолды, комиссияның мекен-жайы мен комиссия құрамын көре алады.
Бұл платформа телеграм арнасында да қолжетімді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!