Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Серік Қожаниязов: «Биыл 472 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда»

01.12.2023, 10:30 631

Сыр өңірінің әлеуметтік экономикалық әлеуеті айтарлықтай артып келеді. Әсіресе, аймаөөа инвестиция тарту көрсеткіші артып, жыл басынан бері 386,4 млрд теңгені құраған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов хабарлады.

– Биыл облысқа 472 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланды. Тиісінше бұл өткен жылмен салыстырғанда 59 млрд.теңгеге артық. Жыл басынан бері өңірге 386,4 млрд теңге инвестиция тартылып, 27,7 пайыздық өсім қалыптасты. Инвестициялардың 73,6 пайызы жеке инвестициялар есебінен тартылды. Сондай-ақ, биыл кәсіпкерлік саласына байланысты 3 561 жобаға қаржылай қолдау көрсетіліп, жүзеге асырыла бастады. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында жыл басынан бері 24,6 млрд теңгені құрайтын 690 жоба субсидияланды. Бұдан бөлек, аймақта шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 10,3 пайызға ұлғайып, 71 мың бірлікке жетті. Экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі осы кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылды. Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі өткен жылы 19,1 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткіш 21,5 пайызға жеткізілмек, – деді Серік Салауатұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: