HALYQLINE.KZ –| Ұлттық қор мен алтын-валюта қорында 90 млрд АҚШ доллары тұр. Бұл туралы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев елге жасаған үндеуінде айтты. Оның айтуынша, қазіргідей қиын-қыстау кезеңде осының шашауын шығармай, үнемдеп пайдалансақ тығырықтан түгел шығамыз.
– Қазіргі Қазақстанды Кеңес Одағы ыдыраған өткен ғасырдың 90-жылдарындағы Қазақстанмен салыстыруға болмайды. Бізде осындай қиындық туғанда ешкімге алақан жаймау үшін, ұрпақ қамы, ел болашағы үшін жинақталған Ұлттық қор мен алтын-валюта қорында 90 миллиард АҚШ доллары бар,- деді ол.
Сондай-ақ, экс-Президент күнкөрісі қиын, мұқтаж жандарға көмек беру үшін кәсіпкерлерге жұмылып жұдырық болуды тапсырды.
– Кәсіпкерлерге де арнайы айтарым бар: сіздер тәуелсіздіктің арқасында өз істеріңізді қалыптастырып, аяқтарыңызға нық тұрдыңыздар, мол дәулетке кенелдіңіздер. Енді «Мен еліме не беремін?» дейтін кездеріңіз де келді,- деді Н.Назарбаев.
Бұған құлақ асар кәсіпкерлер болса, азық-түліктің бағасын бақылауға алар деген «соқыр» сенім бар. Әліптің артын бағайық.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!