Бүгін Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті, деп жазады syrboyi.kz
Сенат депутатын таңдаушылар – мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланды. Сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізілді.
Парламент Сенаты депутатының мандатына 3 кандидат үміткер. Олар: Наурызбай Байқадамов, Алмасбек Есмаханов, Абайбек Жүнісов. Қызылорда облысы бойынша таңдаушылар тізіміне енген 152 мәслихат депутатының 147-сі қатысып, өз таңдауын жасады.
Үміткерлердің ішінде қатысушылардан Наурызбай Байқадамов 116 дауыс жинап, басымдыққа ие болды. Ал, Алмасбек Есмаханов – 17, Абайбек Жүнісов 12 дауыс алды. 1 адам «бәріне қарсы» болса, 1 бюллетень жарамсыз болған.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!