Бүгін Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Раимбетовтың төрағалығымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруға қатысты семинар-кеңес өтті.
Дербес бөлім басшылары, қала, кент ауылдық округ әкімдері және жауапты мамандар қатысқан семинарда жергілікті атқарушы органдарда өтініштермен жұмысты ұйымдастыру барысы талқыланып, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптарына сәйкес «Е-өтініш» ақпараттың жүйесі бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімдігінде өтініштермен жұмыс жасау мәселесі өткен жылы аудан әкімі аппаратының мәжілістерінде 2 мәрте қаралып талқыланған. Сонымен бірге, облыс, аудан әкімі аппаратының жауапты мамандарының қатысуымен құқықтық оқулар ұйымдастырылып, әдістемелік көмек көрсетілді. Дегенмен, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жүргізілген тексеру қорытындысымен аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен қала, кент, ауылдық округі әкімі аппараттарында біршама кемшіліктер анықталған.
Жиында Е-өтініш ақпараттық жүйесі бойынша аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Ж.Жолаева және осы бөлімнің бас маманы Г.Сейтжан хабарлама жасады.
Семинар барысында аудан әкімі аппаратының басшысы С.Раимбетов «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіндегі кемшіліктер бірқатар бөлімдер мен ауылдық округтерде жүйелі түрде қайталанып отырған, алдағы уақытта мұндай олқылықтарға жол бермеу керектігін атап өтті. Жиынды қорытындылай келе «Е-өтініш» ақпараттық жүйеге өтініштерді тіркеу және орындауға қатысты, «Е-архив» жүйесі және азаматтарды жеке қабылдау мәселелері төңірегінде жауаптыларға бірқатар тапсырма жүктеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!