HALYQLINE.KZ Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Арал ауданына сапары барысында Сексеуіл кентіндегі жана 300 орындық мектеп салынатын аумаққа барып, жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сексеуіл кентінде қазіргі таңда 15 мыңға жуық халық тұрады. Кенттің орталығынан үлкен теміржол торабы өтеді. Сексеуілдегі 3 мектеп теміржолдың бір бетінде орналасқандықтан, екінші бетінде тұратын 360 оқушы шойын жолдан өтуге мәжбүр. Бұл мәселені шешу үшін жаңа білім ұясын салуға тиісті құжаттар әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрлігіне тапсырылып, қолдау тапты. Енді мамыр айында білім ошағының құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.
Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, нысанды межеленген уақытында пайдалануға беруді тапсырды.
«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сексеуіл стансасындағы мектепке жету үшін теміржолдардан өтуге мәжбүр балалардың мәселесін шешуді тапсырды. Бұл – өзекті мәселе. Сол себепті Үкімет нақты шаралар қабылдады. Жаңа оқу жылында, оқушылар заманауи мектепте білім алады деп сенеміз. Қаржысы бөлінді. Енді тек жұмыс жасау қажет»,- деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!