Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

SCAT авиакомпаниясының паркі тағы бір ұшақпен толықты

23.09.2022, 12:50 365

Биылғы жылдың тамыз айынан бері қазақтандық әуе тасымалдаушы төртінші «Boeing-737» әуе кемесін алды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті отандық авиакомпаниялармен бірлесіп әуе кемелері паркін ұлғайту, тасымалдау сыйымдылығын арттыру және рейстердің кешігу санын азайту бағытындағы жұмыстарды одан әрмен жалғастыруда.

22 қыркүйекте елімізге SCAT әуе компаниясының тағы бір «Boeing-737» ұшағы келді. Сыйымдылығы 189 орындық бұл әуе кемесі авиакомпания паркіндегі ұшақтар санын 30-ға дейін арттырады. Жаңа борт ұшу кестелерінің дер кезінде орындалуын қамтамасыз етпек.

2022 жылдың тамыз айынан бері қазақстандық әуе тасымалдаушы компания жалпы сыйымдылығы 174-тен 189 орындыққа дейін үш «Boeing-737» ұшағын алды. Жыл соңына дейін тағы 10 әуе кемесімен толығады деп жоспарланып отыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасын орындау нәтижесінде отандық әуе компанияларының тасымалдау сыйымдылығы 20 пайызға дейін ұлғаймақ.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: