Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сапалы интернетпен қамту және инфляциямен күрес мәселелері қаралды

25.04.2023, 12:05 419

HALYQLINE.KZ Бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму министрлігінің «Қолжетімді интернет» пилоттық ұлттық жобасының орындалуы, инфляцияны бақылау және оның деңгейін төмендету жөніндегі шаралар кешені туралы мәселелер қаралды.Үкімет отырысынан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министр берген тапсырмаларды пысықтау мақсатында жиын өткізді.

Аймақ басшысы облысты сапалы интернет байланысымен қамтуда шешімін таппаған мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берді. Атап айтқанда, өңірдегі 295 мектептің 168-і талшықты-оптикалық желі арқылы секундына 20 мегабиттен жоғары интернетпен қамтылған. Облыстық білім басқармасына мектептердегі интернет жылдамдығын арттыру үшін интернет провайдерлермен бірлесіп, нақты шаралар қабылдау жүктелді. Мұнан бөлек, «Қазақтелеком» және «Транстелеком» провайдерлеріне Қызылорда қаласы әкімдігімен бірлесіп, қала аумағын талшықты-оптикалық байланыс арнасымен толық қамту жөнінде нақты ұсыныс енгізу тапсырылды.

Облыс әкімі күн тәртібіндегі инфляция мәселесі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында екенін айтты.

«Президент 19 сәуірде өткен Үкіметттің кеңейтілген мәжілісінде инфляцияға арнайы тоқталып, орталық атқарушы органдарға және өңір әкімдеріне тапсырма берді. 2023 жылдың наурыз айында тұтыну бағаларының индексі өткен жылдың наурыз айына қарағанда 118,3%-ды құрады, республикада – 118,1%. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына аудан және қала әкімдерімен, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарымен күзгі өнімдерге осы бастан форвардттық келісім-шарт жасап, өнім қорын толықтыруды тапсырамын», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Жауапты басқармаларға облыс бойынша көкөніс сақтау қоймаларын салу және кеңейту, «Томат пастасын өндіретін зауыт құрылысы» жобасының уақытылы іске қосылуын қадағалау, қажетті мұнай өнімдері қорымен тұрақты қамтамасыз ету тапсырылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: