Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Салық базасын кеңейту мәселесі талқыланды

09.04.2024, 9:50 441

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте бюджеттің кіріс бөлігінің өсуін қамтамасыз ету және салық салу базасының резервтерін анықтау, оны кеңейту мүмкіндіктері қаралды.

Жиында қала әкімімен бекітілген «Қызылорда қаласы бюджетінің салық салу базасын кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспары» талқыланып, уәкілетті органдардан жоспарға сәйкес қалалық кірістер басқармасына тиісті ақпарат ұсыну тапсырылды.

2024 жылдың 1 тоқсаны қорытындысымен жергілікті бюджеттің жоспары 114,4%-ға орындалып, бюджет түсімдерінің өсімі байқалған. Осы ретте, Дархан Есалыұлы 2024 жылға бекітілген жоспарды өз деңгейінде орындау үшін алда бюджетке түсетін түсімдер бойынша жоспарланған кіріс көзін сапалы әрі толық орындауды, салықтық берешектерді өндіру жұмыстарын күшейтуді жүктеді.

Сонымен қатар, қаланың барлық көшелері мен кент, ауылдық округтердегі коммерциялық объектілерге түгендеу жұмыстарын жүргізу мақсатындағы бірлескен жұмысшы топ құрылмақ. Аталған жұмысшы топ қала көшелеріндегі, кент ауылдық округ әкімдері өз аймақтарындағы кәсіпкерлік нысандары түгендеп, мәліметтерін мемлекеттік кірістер басқармасына ұсынатын болады.

Қала әкімінің орынбасары салық базасын ұлғайту бағытында салаға жауапты бөлімдер мен кент, ауылдық округтердің әкімдері және кірістер органдары арасында өзара бірлескен жұмыс жүргізілгенде көрсеткіш нәтижелі болатынын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: