Қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс беруге келген тұрғындардың қатысуымен тал егу рәсімдері өтті. Сайлаушылар көшет отырғызып, саяси науқанды абыроймен өткізуге тілектерін білдірді.
– Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы. Осы мейрам қарсаңында өтіп жатқан сайлау еліміздің одан әрі дамуы үшін зор мәнге ие болатындығы сөзсіз. Үміт ақталып, бірлігіміз бен берекеміз арта берсін, – деді сайлау учаскесіне дауыс беруге келген ауыл тұрғындары.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!