Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Respublica партиясы ресми тіркелгенін мәлімдеді

19.01.2023, 10:30 283

HALYQLINE.KZ Respublica партиясы Қазақстанда ресми түрде тіркеуден өтті. Бұл жөнінде жаңа саяси ұйымның төрағасы Айдарбек Хожаназаров мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз — еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі ортақ жеңісіміз! Алайда, бұл сынақтар бізді тек қана күшейтті», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айдарбек Хожаназаров сонымен қоса партияның тең төрағалары — Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаевты жеңісімен құттықтаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: