Respublica партиясының Қызылорда облысындағы филиалының төрағасы болып Дәурен Сейтжанов сайланды, деп хабарлайды партияның ресми парақшасы.
Д.Сейтжанов 1984 жылы дүниеге келген. «Қаржы және несие» (Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ.) және «Жалпы және стратегиялық менеджмент» (Almaty Management University, Алматы қ.) мамандықтарын игерген.
Еңбек жолын банк саласында бастаған. Қызылорда қаласындағы «Банк ВТБ» АҚ филиалының менеджері, сату бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, директоры болып жұмыс істеді. Қызылорда облысының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары лауазымында экономикалық мәселелерге жетекшілік етті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!