HALYQLINE.KZ Қазір аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі көшелер көптеп асфальтталып жатыр. Жолдар тегіс, сапалы болуы шарт. Әр көшенің жұмысы аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың тұрақты бақылауында. Осыған орай, Қызылорда қаласындағы «Қыран» ЖШС-ның зертхана қызметкерлері Әйтеке би кентіндегі Қ.Сәтбаев көшесіне төселген асфальтті-бетон жамылғысының сапасы мен талапқа сай болуын тексерді.
Лабораториялық тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес Қ.Сәтбаев көшесіне төселген асфальтті-бетон қалыңдығы сапалы орындалғаны, стандартқа сай екені анықталды.
Айта кетейік, Қ.Сәтбаев көшесі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қайта жаңғыртудан өткізілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!