Таңертең сағат 08:30 шамасында №1 бағытта қатынайтын автобус «Тойота Камри» маркалы автокөлігімен соғысты. Аталған жол апатына байланысты Қызылорда облыстық полиция департаменті:
«14 ақпанда сағат 08:30 шамасында Қызылорда қаласы Бөкейхан – Көшербаев көшелерінің қиылысында «Тойота Камри» маркалы автокөлігі қоғамдық көлікке жол бермей, соқтығысқан. Салдарынан 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Қайтыс болғандар жоқ.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды» деп хабарлайды.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада көпшілік қоғамдық көліктердің жылдамдықты шамадан тыс асыратынын және бір-бірімен жиі жарысатынын жазуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!