Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада карантин жағдайында ауыл шаруашылығы техникаларына арналған қосалқы бөлшектер сататын кәсіпкерлердің тізімі жасақталды

22.04.2020, 23:22 1051

HALYQLINE.KZ –| Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, облыстық штаб мүшесі Пірмұхаммед Сыздықов көктемгі егін науқанына орай аймақтағы ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің өтініші негізінде Қызылорда қаласында аталмыш саладағы техникаларға арналған қосалқы бөлшектерді сататын кәсіпкерлердің тізімі әзірленіп, жұмыс жасауына рұқсат берілгендігін жеткізді.

«Мұндай қадамға амалсыздан барып отырмыз. Себебі карантин жағдайына қарамастан көктемгі егіс науқаны басталды. Ертеңгі күні азық-түлік бағасы шарықтап кетпеуі үшін қазірден қам жасауымыз керек. Аймақта карантиннің енгізілуімен кәсіпкерліктің барлық саласы қиындыққа тап болып отыр. Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер. Өздеріңіз де білесіздер, бұл мәселе Үкіметтік деңгейде мән беріліп, көктемгі далалық жұмыстарды, табиғатты қорғау, ветеринариялық жұмыстарды жүргізуге, ауыл шаруашылық, оның ішінде бал ара шаруашылығы іс-шараларына тартылған тұлғалардың жүріп-тұруына рұқсат берілді. Ендігі қиындық ауыл шаруашылығы техникаларына қатысты болып тұр. Жұмыс істеген техникалар бұзылуда. Кәсіпкерлер қосалқы бөлшектер алайын десе, бұл саладағы сауда орындарының барлығы жабық. Кәсіпкерлермен ақылдаса келе, сол азаматтардың ұсынысы негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына арналған өңірдегі ірі қосалқы бөлшек сатумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін жасадық. Аталмыш мәселе облыстық штабта қаралып, сол тізімге енген кәсіпкерлерге ғана әзірге жұмыс істеуге рұқсат берілді» – дейді Пірмұхаммед Сыздықов.

Аталмыш кәсіпкерлік субъектілері карантин жағдайында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 23 сәуірден бастап сағат 10.00 мен 15.00 аралығында  қызмет көрсететін болады.

Айта кету керек, Палатаның ұсынысымен 2020 жылғы 15 сәуірде Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның хаттамалық шешімімен бекітілген Тұрғындардың қажетті тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне «ауылшаруашылық және басқа да арнайы техникаларды сату және сервистік қызмет көрсету (қосалқы бөлшектерді сату)  ұйымдары»   енгізілді.

Назарларыңызға Қызылорда қаласындағы ауыл шаруашылығы техникаларына арналған өңірдегі ірі қосалқы бөлшектерді сататын кәсіпкерлер тізімін ұсынамыз:

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: