Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жеке кәсіпкер жер учаскесін жалға беру мерзімін ұзартудан мемлекеттік мекеме негізсіз бас тартқаны бойынша өтініш білдірді.
Аталған мәселе жөнінде кәсіпкер 6 ай бойы ешқандай нақты жауап алмаған. Зерделеу барысында 2022 жылы жергілікті атқарушы органмен жер учаскесін жалға беру мерзімін ұзарту жөнінде 8 кәсіпкердің өтініштерін қанағаттандырудан бас тартқаны анықталды.
Департамент пен жергілікті атқарушы органның бірлесе талқылау нәтижесінде аталған кәсіпкерлердің өтініштері қайта қаралып, жер телімін жалға беру мерзімін ұзарту туралы шешім шығарылды.
Қызылордада кәсіпкерлерге жер учаскесін жалға беру мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартқан
15.02.2023, 11:45 198
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!