Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Екі ауылдың әкімі сайланды

02.08.2021, 14:45 603

HALYQLINE.KZ Қызылордада тағы екі ауылдың әкімі сайланды. Саяси өзгеріс бұл жолы Арал ауданының Аққұм және Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округтерінде болды. Ауыл әкімі лауазымына үміткерлерді таңдауда екі округтен 2850 сайлаушы дауыс берген. Бұл сайлау құқығына ие екі ауыл тұрғындарының 80,8 пайызын құрайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймұрзаев мәлімдеді.

«Екі ауылдық округтің әкіміне барлығы 9 кандидат ұсынылды. Алайда 6-ауы ғана сайлауға қатысты. Аққұм ауылдық округінен жоғары нәтиже 731 дауысқа ие болған Жандәулетов Нұрбек Сауренұлы ауыл әкімі болып сайланды. Ал Талаптан ауылдық округінен 1816 дауыс берушінің сенімінен шыққан Өмірәлі Амангелді Шералыұлы ауыл әкімі болды. Екеуі де «Нұр Отан» партиясы атынан ұсынылған », – деді Ғалым Баймырзаев.

Жалпы, бұл сайлауға 4 саяси партия өз үміткерін ұсынса, қалған 5-еуі – өзін-өзі ұсынған кандидаттар. Талаптан ауылдық округі бойынша саяси додаға қатысуға ниетті 2 кандидаттың белгіленген біліктілік талаптарға сәйкессіздігі анықталуына байланысты тіркеуден бас тартылды. Ал 1 үміткердің өз өтінішіне сәйкес тіркеу туралы шешімі бұзылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: