Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада аумақтық сайлау комиссиясының қорытынды отырысы өтті

30.12.2025, 10:00 43

Тарих қойнауына енгелі тұрған 2025 жыл Қызылорда өңірінде 56 ауылдық округ әкімінің, 1 аудан әкімінің, 3 шығып қалған мәслихат депутатынының орнына сайлаудың өтуімен есте қалады.
Маңызды саяси науқанды өткізуге жауапты аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары әрбір процесті заң шеңберінде және ашықтық талабына сай ұйымдастырды.

Жыл ішіндегі ауқымды жұмыстарды саралау және алдағы міндеттерді айқындау мақсатында Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы кеңейтілген алқа отырысын өткізді.
Жиынға Қызылорда қалалық және барлық аудандық сайлау комиссиясының төраға, төраға орынбасары және хатшылар қатысты.

Басқосуда Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов жыл бедерінде атқарылған жұмыстарды тізбектеп, 2026 жылы атқарылуға тиіс маңызды міндеттерді атап өтті.
Аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері өз бағыттарына сәйкес баяндама жасап, нәтижелерді жеткізді.

Әкімдер мен мәслихат сайлауы, комиссияларды оқыту, сайлаушылар базасымен жұмыс жүргізу, мүгедектігі бар сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау, арыз-шағымдарды қарау тәртібі, комиссия қызметін ақпараттық сүйемелдеу, БАҚ және байқаушылармен жұмыс алгоритмі сынды негізгі бағыттар жан-жақты талданды.
Сондай-ақ, Жас сайлаушылар клубының жұмысын жаңа форматта жалғастыру, түрлі бастамаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Жиын соңында Әділбек Ерсұлтанов заңдылықты сақтай отырып, сайлаушылардың еркін дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау басты міндет екенін алға тартты.

Қызылорда Облыстық Сайлау Комиссиясы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: