Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 600-ге жуық кандидат ұсыным құжат тапсырды

12.02.2023, 9:45 351

HALYQLINE.KZ ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарына үміткелердің ұсыным құжаттарын қабылдау аяқталды. Қызылорда облысының мәслихаттарына 152 депутат сайлануы қажет болса, оның ішінде 32 облыстық мәслихат, 23 қалалық, 97 аудандық мәслихат депутаты.

Облыс бойынша барлығы 590 ұсыныс келіп түсті. ҚР Парламенті Мәжілісіне облыс үшін бір мандаттық №21 округ белгіленген. Оған барлығы 15 үміткер құжат ұсынды. Оның ішінде 10-ы – өзін-өзі, 1-еуі – қоғамдық бірлестік, 1-еуі – «Ауыл», 1-еуі – ЖСДП облыстық филиалы, 1-еуі – «Аманат», 1-еуі «Ақжол» партиясы тарапынан ұсынылды. 

Облыстық мәслихат депутаттарын партиялық тізімдер арқылы 6 саяси партиядан 67 кандидат ұсыным құжатын тапсырды. 

«ҚХП» партиясы – 4 кандидат, 
«Аманат» партиясы – 34 кандидат, 
«Ауыл» партиясы – 4 кандидат,
«Байтақ» партиясы – 5 кандидат,
«Республика» партиясы – 7 кандидат,
«Ақ жол» партиясы – 13 кандидат ұсынды.

Саяси партиялар құжаттарды Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес ұсынады. Әрбір партиялық тізімде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдардың саны кемінде 30 пайызды құрайды.

Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 16 бірмандаттық аумақтық сайлау округінде 58 кандидат, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарын сайлауға 450 кандидат ұсынылды. 

Орташа есеппен бірмандатқа 3 адамнан келеді.  Ең үлкен бәсекелестік №№4,6,16 округтерде 5 адамнан ұсынылған. Ең жас кандидат – 2002 жылғы, ең ересек азамат – 1958 жылғы.

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер БАҚ-та және сайлау комиссияларының интернет-ресурсында жарияланды. Барлық іс-шаралар Сайлау туралы конституциялық Заңға және Күнтізбелік жоспарға сәйкес өтуде.

Ұсыну кезеңінде 3 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 3-і де тікелей ұсыну мәселесіне қатысты. Жауаптар белгіленген мерзімдерде берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: