Бүгін Сыр өңірінің тұрғындары үшін әдеттегі жексенбі емес. Себебі демалыс таңы сайлау науқанымен басталды. Жергілікті жұрт жаңадан 3 әкімді сайлайды.
Атап айтқанда төмендегі ауылдық округтерде сайлау процесі басталып, комиссия мүшелері дауыс беруді ұйымдастыруға кірісті:
▪️Қызылорда қаласындағы Қарауылтөбе ауылдық округі;
▪️Жалағаш ауданындағы Мәдениет ауылдық округі;
▪️Сырдария ауданындағы Шаған ауылдық округі.
Учаскелік комиссия мүшелері таңғы сағат 07.00-де жұмысын бастап, тізімге енген сайлаушыларға бюллетень беруде. Алғашқы сайлаушылар дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!