HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысында індеттің белең алуына орай, жаңа қаулы қабылданды. Соған сәйкес, әр тұрғын мына өзгерістерден хабардар болуы керек:
– Кешкі 21:00-ден таңғы 06:00-ға дейін қалада жүруге тыйым салынды;
– Азық-түлік дүкендері, сауда үйлері 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді;
– «Ақмешіт – Мерей», «Шанхай», «Аспалы көпір», «Тасбөгет» кенттерінің тұрғындары патрульдік полицияның қадағалауымен ғана қала аумағына кіре алады. Осы аудандарда әр үйден бір адам қажеттілікпен ғана шыға алады;
– Дәріханалардың жұмысына шектеу жоқ;
– 55 жастан асқан тұрғындар мен жасөспірімдерге көшеде жүруге тыйым салынады;
– Қоғамдық көліктер таңғы 06:00-ден 20:00-ге дейін күшейтілген дезинфекциялық жұмыстар арқылы жүре алады;
– Тұрғындар көшеде енді бетпердесіз жүре алмайды;
– Облыстың бас санитары қабылдаған жаңа қаулы 7 сәуірден 21 сәуірге дейін ұзартылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!