Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласында 7 инвестициялық жоба іске қосылған

13.01.2025, 17:55 126

HALYQLINE.KZ

Бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын айтып өтті. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылы бекітілген Қызылорда қаласының бюджеті 58 195,0 млн теңгені құраса, жыл қорытындысымен бюджет көлемі 112 702,4 млн теңгеге ұлғайды. Бюджет қаржысының 65,8%-ы нақты секторға, оның ішінде тұрғын үй, жол құрылысына, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталды. Бұл ауқымды жобалар биыл да жалғасатын болады.

– Жалпы, қалада 2024 жылы өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 568 440 млн теңгеге жеткен. Өңдеуші өнеркәсіп саласында 90 243 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 104,9%-ға артқан. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 14 771,8 млн теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі 102,7%-ға артты. Бұдан бөлек, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 260 004 млн теңге болып, 111,8%-ға артқан. Облыстағы үлесі – 46,5%. Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі 126 995 млн теңгеге жетіп, 171%-ға артты. Облыстағы үлесі – 56,6%. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 498 908 шаршы метрді құрады. Сондай-ақ, жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы аясында Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 354,7 млрд теңгені құрайтын 19 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы жоспарланып, оның 7 жобасы іске қосылды, – деді Гүлнар Бұрханқызы.

Жалпы, 2025 жылдың 1 қаңтарға кірістер болжамы 112 702,4 млн теңгені құрап, 119 534,7 млн теңгеге артығымен орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 30 437,8 млн теңгенің орнына 37 892,1 млн теңгеге артығымен орындалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: