Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласын дамытудың 55 жобасы ұсынылды

04.02.2024, 19:00 314

Қызылорда облысның әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласының даму жоспары қаралған кеңесте қала әкімі Серік Қожаниязов биыл салынатын нысандар туралы баяндады.

Шаһар басшысының айтуынша, биыл облыс орталығында 78 жоба іске асырылмақ. Оған қоса, құны 24 млрд. 361,2 млн. теңгені құрайтын

55 жаңа жоба әзірленді. Оның ішінде, жарықтандыру бойынша 7 жоба, тұрғын үй құрылысы бойынша 1 жоба, абаттандыру бойынша 8 жоба, жол құрылысы бойынша 8 жоба, көшелерді қайта жаңғырту бойынша 3 жоба, жолдарды күрделі жөндеу бойынша 5 жоба, жолдарды орташа жөндеу бойынша 2 жоба, спорт алаңдарының құрылысы бойынша 2 жоба, ауыз су және кәріз желілері бойынша 17 жоба, газбен жабдықтау бойынша 1 жоба, электр желілері бойынша 1 жоба дайындалды.

Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 17 жобаға Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды.

Баяндама соңында Серік Қожаниязов бірқатар жобаларға қолдау көрсетуді сұрады. Олар – Сырдария өзенінің сол жағалауында коммерциялық үй-жайлары бар 5 қабатты 10 тұрғын үй және 7 қабатты 6 тұрғын үй, электрмен жабдықтау желілері, «Жайлы мектептердің» (Арай, СПМК, сол жағалау, әл Фараби, Бәйтерек) жан-жағын асфальттау. Оған қоса, «Бәйтерек» тұрғын ауданын газдандыру, электр және ауыз су жүйелерін жүргізу жобасы да бар. Кварталішілік газ құбырлары желісін салу, Жаппасбай батыр көшесін, «Қызылорда-Құмкөл» трассасын қайта жаңғырту, «Сабалақ» саяжайына газ құбырын тарту жобаларының тұрғындар үшін маңызы зор.

Аталған жобалардың жалпы құны 15 млрд. 293 млн. теңгені құрайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: