Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда өңірінде 1 күнде 11 әкім сайланады

05.03.2025, 18:10 126

HALYQLINE.KZ

Қызылорда өңірінде өкілеттілік мерзімі аяқталған және мерзімінен бұрын өкілеттілігі тоқтаған ауылдық округ әкімдерінің сайлауы қарқынды түрде өткізілуде.

ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес 13 сәуірде 1 кент және 10 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізіледі. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда:

Қызылорда қаласындағы Қосшыңырау

Арал ауданындағы Аралқұм және Бекбауыл

Қармақшы ауданындағы Жаңажол

Сырдария ауданындағы С.Сейфуллин

Шиелі ауданындағы Бәйгеқұм

Жаңақорған ауданындағы Аққорған, Қосүйеңкі, Екпінді, Өзгент округтері мен Жаңақорған кентінің әкімдері сайланады.

Бүгін сайлауды өткізу туралы тағайындау қаулылары шығарылып, Күнтізбелік жоспарлар бекітілді.

Кандидаттардан құжат қабылдау басталады.

Саяси науқанда 26697 сайлаушы дауыс беруге құқылы. 22 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Мұнда 126 комиссия мүшесі қызмет атқаратын болады.

Айта кетейік, әкімдер 4 жыл мерзімге сайланады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: