Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысының оң тәжірибесі аталып өтті

12.03.2024, 12:55 466

Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қызылорда облысының қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу саласындағы оң тәжірибесін атап өтті.

«Кәсіпорындардың көпшілігі қайталама шикізатты жинаумен, оны буып-түйіп, шетелге сатумен ғана айналысады. Ал, қалдықтарды қайта өңдеп, түпкілікті өнім шығарушылар аз. Қызылорда облысында әрбір аудан қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты өз жобаларын іске асыруда. Осындай оң тәжірибелер әр өңірде болуы керек», – деді Үкімет басшысы.

2024 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысымен Қызылорда облысы негізгі экономикалық макрокөрсеткіштер өсімі бойынша бірінші орында. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында айтты, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мұнан бөлек, Үкімет басшысының орынбасары Қызылорда облысы негізгі капиталға инвестиция тарту және өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша бірінші, құрылыс секторындағы өсім көрсеткіші бойынша екінші орында екенін атап өтті.

Мәжілісте ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Сыр өңірі екі ай қорытындысымен жоғары даму көрсеткіштеріне қол жеткізгенін айтты.

«Қаңтар-ақпан айларында ел экономикасы 4,2%-ға, барлық макрокөрсеткіштер Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай облыстары мен Астана қаласында өсті», – деді Үкімет басшысы.

Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қазіргі жоғары даму қарқынын сақтауды және бюджет қаражатын толық игеруді тапсырды.

2024 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысымен Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша бірінші орында. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндады.

«Өңдеу өнеркәсібі жедел даму тенденциясын көрсетуде. Өндірістің өсу қарқыны 7,4 пайызға жоғарылады. Көрсеткіш өсімі 16 өңірде тіркелді, оның ішінде Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар», – деді Н.Байбазаров.

Мұнан бөлек, Үкімет басшысының орынбасары Қызылорда облысы негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша бірінші, құрылыс секторындағы өсім көрсеткіші бойынша екінші орында екеніне тоқталды.

Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар тапсырма беріп, қазіргі жоғары даму қарқынын сақтауды ескертті.

2024 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бірінші орында. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндады.

Вице-премьердің айтуынша, Сыр өңірі негізгі капиталға тартылған инвестициялардың көлемі бойынша көш басында.

«Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың өсу қарқыны 7,9%-ды құрады. Инвестициялар көлемі құрылыста 2,7 есе, білім саласында 56%-ға, көлік және қоймалауда 47%-ға өсті. Өңірлер бойынша ең жоғары инвестициялық көрсеткіштер Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астанада байқалды», – деді Н.Байбазаров.

Вице-премьер экономикалық өсуді одан әрі қамтамасыз етуде баса назар аударылуы тиіс шараларды да атап өтті. Олардың қатарында жеке инвестиция тарту, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын кеңейту, жаңасын іске қосу және т.б. бар.

Үкімет басшысының орынбасары Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша бірінші, құрылыс секторындағы өсім бойынша екінші орында екенін атап өтті.

Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар тапсырма беріп, қазіргі жоғары даму қарқынын сақтауды ескертті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: