Қызылорда өңірінде өкілеттілік мерзімі аяқталған және мерзімінен бұрын өкілеттілігі тоқтаған ауылдық округ әкімдерінің сайлауы кезең-кезеңімен өткізілуде.
ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес 18 мамырда 13 ауылдық округте әкімдер сайлауы өткізіледі. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясы хабарлады.
Атап айтқанда:
Арал ауданындағы Жіңішкеқұм, Аманөткел, Райым, Қосжар ауылдық округтері
Қазалы ауданындағы Ғ.Мұратбаев, Қарашеңгел ауылдық округтері
Жалағаш ауданындағы Бұқарбай батыр ауылдық округі
Жаңақорған ауданындағы Жаманбай батыр, Келінтөбе, Кейден, Байкенже, Қожакент, Талап ауылдық округтері сайланады.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 22 сәуір, сағат 18-00-ге дейін кандидаттардан ұсыну құжаттары қабылданады. Ал, кандидаттарды тіркеу 2025 жылғы 27 сәуірде, сағат 18.00-де аяқталады.
Саяси науқанда 13481 сайлаушы дауыс беруге құқылы. 19 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Мұнда 107 комиссия мүшесі қызмет атқаратын болады.
Айта кетейік, әкімдер 4 жыл мерзімге сайланады.
Сурет ашық дереккөзден алынды.



Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!