Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысы дауыс беру бойынша республикада бірінші орында

16.03.2026, 7:15 32

Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты референдумда Қызылорда облысы тұрғындарының 93,04 %-ы дауыс беріп, республикада бірінші орынға шықты.

Маңызды саяси науқанда қазақстандықтардың 73,24%-ы өз таңдауын жасаған.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 9 126 850 азамат дауыс берді.

Еске салайық, облыс бойынша 378 референдум учаскесі қызмет етті.
Дауыс берушілерге ыңғайлы болу үшін 179 онлайн сервис, уақытша тіркеу қызметін атқаратын 5 онлайн учаске іске қосылды.
Азаматтар өз учаскесін 4 платформа арқылы анықтады. «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасындағы https://referendum.orda.gov.kz сайты және арнайы телеграм боты үздіксіз жұмыс істеді.
Азаматтар сайтқа кіріп, өз учаскесі, референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпарат алды.

Сондай-ақ 109 қызметінің диспетчерлері де сауалдарға жауап берді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: