Демократияның даңғыл жолына баланған әкімдер сайлауына да нүкте қойылды. Әлі талай әңгіме, талас-тартыс айтылатыны ақиқат. Әйтсе де, «болары болды, бояуы сіңді». Қызылорда облысының әкімдігі аймақ бойынша ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы ақпарат таратты.
2021 жылы 25 шілдеде 40 округ бойынша ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне сайлау өтті.
Сайлау учаскелері бойынша 36071 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілді, оның 30149-ы (83,58%) дауыс беруге қатысты. Әкімге үміткерлер саны – 122 адам. 40 округтің барлығында әкімдер сайланды.
Оның ішінде: партия ұсынған «Nur Otan» партиясы – 30 адам, «Ауыл» ХДПП – 2 адам, «ADAL» ПП – 2 адам, Қазақстан халық партиясы – 1 адам сайланса, өзін-өзі ұсыну бойынша 5 адам «ауыл ағасы» атанды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!