HALYQLINE.KZ Облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Қожаниязов қытайлық «China Energy Engineering Group» компаниясының өкілдерін қабылдады.
Кездесу барысында өңірге шетелдік инвестиция тарту және жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланып, шетелдік әріптестерге облыстың экономикалық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.
Тараптар алдағы уақытта қызығушылық танытқан салаларда, атап айқтанда жеңіл және химия өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері саласында, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бағытында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін зерттеп, өзара қарастыруға келісті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!