Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қытайлар неліктен қатты шаңқылдап сөйлеседі?

21.01.2023, 14:00 516

HALYQLINE.KZ

Кез келген жерде темекі шегу, кафе мен мейрамханаларда үстелдің астына қоқыс тастау, жазда толық қарнын ашып серуендеп жүрген ер адамдар, кешірім сұрамай қыстырылып кіру және тазалықты сақтамау – әдеттегі жағдай, бірақ басқа елдердегі адамдар үшін ең таңқаларлық әдет – қытайлықтардың қайда жүрсе де қатты дауыспен шаңқылдап сөйлесіп жатқаны…

Швейцария мен Жапония сияқты кез келген елде дауыстап сөйлеу дөрекі әдепсіздік деп саналады, бірақ қытайлықтар үшін шулы ортада өмір сүруден басқа амалы жоқ.

Екінші жағынан, бұл әдеттің бір себебі – қытай тілінің ерекшелігінде. Олар дауысының тонын анық ету үшін қатты сөйлейді. Егер сыбырласып, немесе ақырын сөйлесе, не айтып тұрғаны түсініксіз болады екен.

Қытай тілінде төрт түрлі дыбыс бар: жоғары көтеру, төмен түсіру, төмен түсіріп көтеру және бір қалыпты ырғақ. Әрі қытай тілінің дауысты дыбыстарының әрқайсысында өзіне тән дыбысы бар, сөйлеуді дұрыс түсіну үшін жоғарғы және төменгі дауыстыларды қатты дауыспен дұрыс айту керек. Сондықтан қатты айқайлап сөйлесуден басқа жол жоқ екен.

Вьетнамдықтардың да тілдік акценті көп, бірақ олар сыбырласу арқылы да жақсы түсінісе алады.

Аударған  Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: