Қытайдың Дунфан қаласында «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында халықаралық ауыл шаруашылығы конференциясы өтті. Бұл туралы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Жиын Қытай мен Қазақстан арасындағы агроөнеркәсіптік әріптестікті нақты жобалар арқылы дамыту мәселесіне арналды.
Конференция барысында тараптар ауыл шаруашылығын жаңғырту, аграрлық технологияларды енгізу, өнім өңдеу және экспорттық әлеуетті арттыру бағыттарында пікір алмасты. Сондай-ақ инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылып, бірлескен жобаларды іске асыру тетіктері талқыланды. Іс-шара аясында Хайнань халықаралық экономикалық даму бюросы, Хайнань–Хэйлунцзянсауда-өнеркәсіп палатасы, Дунфан жүгері өнеркәсібі қауымдастығы және Баян уезінің ауыл шаруашылығын дамыту компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қол жеткізілген келісімдер агроөнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимылды жүйелеуге, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде Қытай мен Қазақстан арасындағы серіктестікті жаңа практикалық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!