Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қырғыз журналисі Президентін сотқа берді

15.07.2020, 12:05 525

HALYQLINE.KZ Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековті елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығып кетуіне байланысты айыптап, сотқа беріп жатыр. Президент пен өзге де шенеуніктердің үстінен жазылған арызды Бас прокуратура қабылдап алыпты. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

«13 шілдеде азамат Раушан Айтқұловадан Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен өзге де жоғарғы қызметтегі шенеуніктерді қиындап кеткен эпидемиологиялық жағдай мен күн сайынғы өлім-жітім үшін жауапқа тарту туралы арыз түсті. Арыз прокуратураның жалпы бөлімінде тіркелді», – делінген Қырғызстанның Бас прокуратурасы таратқан мәліметте.

Раушан Айтқұлова – журналист әрі белсенді, «Фатиха» атты қордың төрағасы. Ол президентті жауапқа тарту туралы бұған дейін де әлеуметтік желіде жазып, импичментке қол жинаған. Қазірге дейін 2,5 мың адам қол қойыпты.

Қырғызстандағы жағдай бойынша 11,5 мың адам коронавирус жұқтырып, 149 адам қайтыс болған

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: