Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қымбат қарбыз» туралы хикая

13.02.2022, 9:00 1967

HALYQLINE.KZ Ертеде бір патша патшалықтың мұнарасына шығып қалаға көз тастайды. Кенет бір жігіттің қарбыз сатып отырғанын көреді. Әлгі қарбызды жегісі келген патша уәзіріне он алтын беріп:

– Маған қарбыз әкел, – деп бұйырады. Уәзір өзінің көмекшісін шақырып бес алтын береді де, қалған алтынды өз қалтасына сүңгіте қояды. Көмекші де өз құлқынын ойлап патшалықтың күзетшісін шақырып алады да, қолына бір-ақ алтын ұстатып қарбыз әкелуді тапсырады. Күзетші сатушы жігітке келіп:

– Саған мұнда сауда сатуға кім рұқсат берді? Тез кет, – деп қарбыздың бәрін өзіне алып алады да, патшаға бір қарбыз апарып береді. Сонда патша қарбызды жеп отырып:

“Бір қарбыздың өзін он алтынға сатса демек халқым бай, табысы тәуір екен ғой, олай болса мен салықты көбейтемін» деген екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: