HALYQLINE.KZ Сейсенбі күні Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұловтың төрағалығымен Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына құқық қорғау органдарының басшыларының орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, тиісті мекеме басшылары қатысты.
Комиссияның күн тәртібінде «Мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау, жергілікті қауымдастық кеңес мүшелерімен атқарылған жұмыстары және бей-берекет жүрген малдарды қағумен орын алатын жол-көлік оқиғаларының (пада ұйымдастыру, бей-берекет жүрген мал иелеріне шара көру, мал қамау орындарын ашу) алдын алу жұмыстары», Кәмелет жасына толмағандармен және оларға қарсы жасалған қылмыстардың (топтық төбелес, жыныстық тиіспеушілік, қаңғыбас иттердің тістеуі, ойын алаңдар мен спорт алаңдарының сапасы және т.с.с) алдын алу, болдырмау бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесі және алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарлары тақырыптарындағы мәселелер қаралды.
Күн тәртбіндегі алғашқы мәселе бойынша Шиелі аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ердәулет Баянбайұлы, Еңбекші ауылдық округінің әкімі Бағдат Серікбайұлы баяндама жасаса, екінші мәселе бойынша Шиелі аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ердәулет Баянбайұлы және аудандық білім бөлімінің басшысы Жібек Орынбайқызы баяндама жасады.
Баяндама барысында Ердәулет Баянбайұлы мал ұрлығы, егесіз малдарды қамау бағыттарында бөлім тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, егесіз малдарды қамау барысында кейбір ауылдық округтерде арнайы орындардың талапқа сай келмей, малдарды қамауға мүмкіндік болмай жататындығын айтты.
Мұнан соң, аталған тақырып бойынша Еңбекші ауылдық округінің әкімі Бағдат Серікбайұлы ауылда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.Келесі кезекте Ердәулет Баянбайұлы полиция бөлімі тарапынан кәмелет жасына толмағандармен және оларға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алуға бағытталған шараларға тоқталды.
Сондай-ақ, жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Жібек Орынбайқызы баяндама жасап, білім бөлімі тарапынан бұл бағытта атқарылған жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды. Баяндамалар аяқталғаннан кейін ауылдық округ әкімдері өз ұсыныстарын айтып, жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов баяндамашыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!