HALYQLINE.KZ Премьер-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы мақұлданды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
10 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі керегін айтқан болатын.
Мәжілісмендердің көпшілігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.
«Қатысып отырған 99 депутат, жақтағандар – 78, қалыс қалғандар – 21», – деп оқыды дауыс беру нәтижесін Нұрлан Нығматулин.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді құттықтады.
Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туды. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет еткен, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.
2019 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!