Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоқыстарды жою мәселесі қаралды

27.09.2023, 16:10 275

Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін жақсарту, белгіленбеген орындарға төгілген қоқыстарды жою мәселелері қаралды.

Үкімет басшысы халыққа алғашқы медициналық санитариялық көмек көрсетудің қолжетімділігін жақсарту, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты жұмыстарды тиімді ұйымдастыру туралы айтты. Қоршаған орта тазалығын сақтау, оның ішінде белгіленбеген орындардағы қоқыстарды жою мәселесі көтерілді.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімдігінде арнайы мәжіліс өтіп, аталған мәселелер талқыланды.

Мәжілісте жергілікті тұрғындар қоқыстарын арнайы белгіленген жерге жеткізбей, қоршаған ортаны ластауға себепкер болғаны атап өтілді. Қала және аудан әкімдіктері де қоқыстарды жинақтау, тасымалдау инфрақұрылымын өз деңгейінде қалыптастырмаған.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау экология департаментімен бірлесіп, экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін қалдық полигондарын қалпына келтіру тапсырылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мүмкіндігін қарастыру, алдағы уақытта белгіленбеген қоқыс орындарын болдырмау бағытында нақты шаралар қабылдау жүктелді. Мұнан бөлек, жауапты басшыларға қоқыстарды сұрыптауды ұйымдастыру, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, облыстағы медициналық және биологиялық қалдықтарды жою мәселесін зерттеп, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: