Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақты қырғандарға неге көше аты берілуі керек?

24.01.2020, 10:35 819

Апырай-ә, құлдық сана бойымызға әбден меңдеп кірген екен! Мысқалдап, тамшылап та шықпай жатыр екен. Күні кеше 10 көшенің атауын қазақшалағанымызға бәріміз бөркімізді аспанға атып жатырмыз. Шынымды айтайын, мен де қуанып отырмын. Бірақ…

«Қала әкімінің бір қаулысымен істелетін іс емес пе, көше атауы емес, басқарушыларымыздың құлдық санасын өзгерту керек» деп С.Ерғали мен С.Мұстафа әріптестерім («Азат» ардагерлері) айтып тастап еді, жұртшылық талап тастады, қарғыс та айтып жатыр. Әрине, орысы басым солтүстік қалалары мен қазағы басым оңтүстік қалаларды салыстыруға келмейді.

Мысалы, бізде Қызылордада бұл мәселе ешқандай проблема болған жоқ. Бізде бірден жарыс, бәсеке басталды. Кім бірінші болып атасына, туысына көше, мектеп атын алып береді. Ал кешегі бірінші хатшылар мен қызыл директорларға ешқандай кедергі болған жоқ. Ең ұзын көшелер мен мектептер, ауылдар соларға берілді. Ордені, медалі немесе атағы болса болды, міндетті түрде көше берілуі керек…

Қажымұқан, Момышұлы дегендер қаланың шеттерінде қалтарыс, қысқа көшелерде қалып қойды. Өзгермеген көше қалмады, үлгермегендері жаңа көше болса соларды өздері белгілеп кезек күтіп отыр. Олар онысымен қоймай анау-мынау көшелерді місе тұтпайды, орталықтан үлкен көше немесе мектеп, ауыл атын бер дейді.

Тағы бір ерекшелік, баяғы Гержодтың қасында жүрген қазақ орынбасарларының ұрпақтары аталарына (Бедебеков, Жанкин, Құлтекенов, т.с.с.) көше бергізіп жатыр.

Мынадай парадокс болып отыр: «Қызылқұм» көтерілісінің басшысы Ақмырза Төсұлын тірідей өртеп өлтірген НКВД қызметкері Үбісұлтан Аяповтың атына көше беріліп басына тақта қойылды. Бұған не дейсіз? Бұл жайттар кезінде Қырымбек Көшербаевқа жеткізілді, жауап болған жоқ.

Сонда қалай, қазақты қырған орыс чекистер мен большевиктер жауыздар да, қазақты қырған қазақ чекистер мен большевиктер батырлар болғаны ма?

Сағат Жүсіптің ФБ парақшасынан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: