Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанның танымал қыз-келіншектері ақша үшін жаппай хиджаб кие бастады

19.05.2023, 15:10 440

HALYQLINE.KZ Соңғы уақытта елімізде желіде миллиондаған оқырманы бар атақты адамдар жаппай хиджаб киіп, дінге адалдықтарын көрсете бастады. Қазақстандағы мұсылмандар хиджаб киюі керек пе, әлде мұның бәрі шетелдің дәстүріне таңсық болып жүргендердің әуестігі ме деген даулар қоғамда бұрынғыдан бетер көбеймесе, азайған жоқ. Бұл туралы «Ұлыс медия» хабарлайды.

Мысалы, тележүргізуші Динара Сәтжан дәстүрлі қазақ исламын жақтайтынын айтты.

«Біздің өз мәдениетіміз бен дәстүрлеріміз бар. Біз өз тарихымызды келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Ал егер бірнеше онжылдықта немесе тіпті бірнеше жылдан кейін біздің қазақтар қара хиджаб киіп жүрсе ше?! Біз мұны қалаймыз ба? Менің бұл сұрақты көтеру себебім –  блогерлерге оранғаны үшін ақша ұсынылғанын естідім, айтуларынша, аз сома емес. Мені осы нәрсе шошытады», – деді Динара Сәтжан.

Шынында да, аудиториясы үлкен блогерлер аяқ астынан хиджаб кие бастады. Мысалы, күні кеше оранып жүру туралы шешім қабылдағанын жарияға жар салған Рамина Таипованың 1 миллионнан астам жазылушысы бар.  Ал әнші Кәмшат Жолдыбаеваға желіде 3 миллионға жуық адам жазылған. Бота Балабекованың 500 мыңнан астам оқырманы бар. Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова да хиджаб киіп жүр. Аудиториясы үш миллион адамнан асады.

Аталған арулардың барлығы салыстырмалы түрде жақында және бір уақытта хиджаб кие бастағанын атап өтпеске болмас. Қыздар ақша үшін оранды деуге қақымыз жоқ. Алайда, тенденцияның өзі алаңдатады: Қазақстанда хиджабты насихаттауға кімге тиімді?

Айтпақшы, мұндай үрдіс Қырғызстанда да байқалып жатыр. Мәселен, 3 миллион жазылушысы бар танымал блогер Анжелика Қайратова хиджаб киюге көшті.

Фото: Ulysmedia

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: