HALYQLINE.KZ Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ішкі туризмді дамыту бағытындағы іс-шараларға тоқталып өтті.
«Мемлекет басшысы туризмді дамыту мәселелерін айрықша атап өтті. Курортты аймақтардың инфрақұрылымын арттыру мақсатында автомобиль жолдарын салу жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар курортты аймақтарды мобильді байланыспен 100% қамту қолға алынады. Әрине, аталған жұмыстарды іске асыруға қосымша қаржы қажет. Осы орайда елді мекендерден тыс жерлердегі және ұлттық парктер аумағындағы туристік нысандар инфрақұрылымын дамытуды жергілікті әкімдіктер құзыретіне беру қажет. Туристік сервис сапасын жақсарту және сала мамандарын даярлау да маңызға ие», – деді Асхат Оралов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, отандық туризм саласын цифрландыру бағытындағы жұмыс жалғасады.
«Қонақ үйлерді «eQonaq» жүйесімен 100% қамтып, гидтердің қызметін цифрландыру және «Kazakhstan.travel» порталын жаңғыртуды аяқтаймыз. Бұдан бөлек, шетелдік туристер үшін қолайлы климат жасалады. Визасыз елдердің тізімін 100-ге дейін арттыру (2022 жылы – 79 ел) мәселесі және жаңадан тікелей әуе рейстерін ашу жағы пысықталып жатыр», – дейді министр
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!