Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда шектеу шаралары қашан басталады?

18.06.2020, 12:10 568

HALYQLINE.KZ Қазақстанда демалыс күндері – 20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша:

– сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, базарлардың қызметі тоқтатылады;

– қоғамдық тамақтану объектілерінің көше форматындағы ашық ауада жұмыс істеуіне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып рұқсат етіледі;

– қоғамдық көлік жұмысы шектеледі;

– қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады;

– фитнес-орталықтардың қызметі тоқтатылады;

– 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

2. Саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде:

– қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады;

– 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

3. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіру жабылады, ал аталған аймақтардағы адамдарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: