Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Абзал Әжіғалиев Солт-Лейк-Ситиде өтіп жатқан әлем Кубогының күміс жүлдесін иеленді. Ол 500 метр қашықтықты екінші болып жүріп өтті. Финалда көрсеткен уақыты 41.054.
Ал, Денис Никиша әлем кубогінің екінші кезеңіндегі 500 метр қашықтықты 40.675 уақытында екінші болып мәреге келіп, елімізге осымен үшінші күміс медальді әкелді.
Тағы бір отандасымыз Әділ Ғалиахметов 1000 метр қашықтықта үздік үштіктің қатарына кіріп, қоланы қанағат тұтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!