Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан мен Қытай қандай құжатқа қол қойды? (Видео)

22.05.2023, 10:30 444

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай халық республикасында ресми сапармен болды.

Қытай сапарында екі ел арасындағы визасыз режимді қосқанда  келесідей 23 құжаттарға қол қойылды:

1. Екі ел басшыларының Бірлескен мәлімдесі;

2. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі меморандум;

3.  Үкімет аралық техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы меморандум;

4. Екі елдің үкіметі арасындағы индустрияландыру және инвестициялық ынтымақтастық жоспары;

5. Екі ел  арасындағы визалық талаптарды  өзара босату туралы келісім;

6. Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім;

7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы күнбағыс, мақсары, соя және зығыр тұқымының сортын (күнжара) экспорттауға қойылатын санитариялық және фитосанитариялық талаптар жөніндегі хаттама;

8. Экспортталатын бұршақ пен жасымық партияларына қойылатын инспекциялық және карантиндік талаптар жөніндегі хаттама;

9. Қазақстаннан Қытайға өтетін  су өнімдерін экспорттау жөніндегі хаттама;

10. Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші трансшекаралық теміржолды бірлесіп іске асыруды алдын ала қарау туралы өзара түсіністік туралы меморандум;

11. Екі ел арасында мәдени орталықтар құру жөніндегі ниеті туралы меморандум;

12.  Қазақ –қытай арасындағы сауда-экономикалық зерттеулер саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

13. Қазақстан стандарттау және метрология институты мен Қытай Халық Республикасының Стандарттау басқармасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

14. Шығыс Қазақстанда «Лу Бань шеберханасын» құру туралы келісім;

15. Шымкент қаласы мен Сиань қаласы арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісім;

16. Солтүстік Қазақстан облысы мен Шэньси провинциясы арасында бауырластық қатынастар орнату туралы келісім;

17. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситеті жанынан Сиань Солтүстік-Батыс политехникалық университеті  филиалын ашу туралы келісім;

18. Мемлекетаралық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

19. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы» арасындағы қазақ-қытай стратегиялық энергетикалық ынтымақтастығын кеңейту туралы негіздемелік келісім;

20. Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология комитеті мен Қытайдың  Стандарттау басқармасы арасындағы меморандум;

21. «Хабар» Агенттігі» мен Қытай Медиа корпорациясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

22. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытай мұнай университеті арасындағы ынтымақтастық орнату туралы келісім;

23. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен Қытай Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылықтары университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: