Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сән-салтанат салығы енгізілетіні туралы айтты.
«Өркениетті сауданы дамыту үшін мөлшерлемелері мен қарапайым рәсімдері бар бөлшек салықты қолдануды кеңейту қажет. Салық реформасы аясында «сән-салтанат салығын» енгізу мүмкіндігін қарастыру маңызды. Ол қымбат жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын сатып алған кезде алынады және орта тапқа әсер етпейді», – деді ол.
Айта кетейік, бүгін Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында Қазақстан халқына Жолдау жасап жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!